Алматылық алтын қолды дәрігер

Өз ісінің майталманы. Алматыдағы балаларға арналған шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының травматолог-ортопед дәрігері Дархан Сұқбаев жайлы әріптестері осылай дейді.

Ол 30 жылға жуық  денсаулық сақтау саласында еңбек етіп келеді.  Өз айтуынша, ортопедияға қатысты диагноз ұзақ емдеуді қажет етеді. «Ал балаларға қатысты болса, бақылау тіптен күшті болуға тиіс. Операциядан бастап, оңалтудан өтіп болғанша дәрігердің көз алдында болуы қажет»,-деп санайды.

Еңбегіңнің нәтижесін көру үлкен бақыт. Балалардың ауруынан құлан-таза айығып кеткенін көргенде, олардың ата-анасымен бірге қуанам,-дейді дәрігердің өзі. Дархан Сұқбаев балалар ортопедиясы бойынша еліміздегі  білікті мамандардың бірі. Медицина ғылымдарының кандидаты. Илизарев аппараты арқылы аяқтың маймақтығын түзеу әдісін қолданады.   

Дархан Сұқбаев, балалар ауруханасының травматолог-ортопед дәрігері:

- Илизарев апараты әрдайым жаңарып,  модернизациядан өтіп тұрады. Конструкторды біз өзімізге ыңғайлап жинап аламыз. Онымен туабіткен немесе кейіннен өзгеріске ұшыраған түрлі сүйекке, буынға қатысты ақауды емдеуге болады.

«Балалаларды алған жарақатынан соң бірден емдемесе, сүйек пен буынның өзгеруіне алып келеді. Оған қоса, аяқ-қол сүйектерінің тең болмауы сияқты туабіткен ерекшеліктері кездеседі. Аппарат арқылы оны қалыпқа келтіруге болады. Жалпы қандайда бір диагнозды емдеуге хиругиялық тәсіл қолданғаннан кейін ерекше күтім керек»,-дейді Дархан Доқтырханұлы. Сондықтан, демалыс күндері де ауруханада балалардың қасында жүреді.  

Дархан Сұқбаев, балалар ауруханасының травматолог-ортопед дәрігері:

- Медицинада жұмыс істеу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оқуы бір бөлек. Ал іс жүзінде мүлдем бөлек дер едім. Хирургия-аса ыждахаттылықты, жауапкершілікті  талап етеді. Операциядан соң баланың оңалып кетуіне күш салмаса болмайды.

Дәрігер Дархан Сұқбаев әріптестерінің арасында құрметке ие. Резидент болып келіп жатқан жастарға білгенін үйретуден жалыққан емес. Емдеушілердің бәрінің тілін таба біледі. Балаларға арналған шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының бөлім меңгерушісі Бақыт Қожахановтың пікірінше, Дархан Доқтырханұлы Илизарев аппаратын жинаудың шебері болып алған.

Бақыт Қожаханов, балалар ауруханасының травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі:

- Ол нағыз инженерлік, математикалық жағынан қарайтын болсақ оңай әдіс емес. Соны өте белсенді пайдаланып, соны бізге арамызда таратып,  балаларды емдеп жатыр. Әрбір дәрігердің қолынан келе бермейді ондай ота жасауға. Аппарат Илизареваны өзінің қолымен жинастырып, ота кезінде оны сүйектеріне салып сөйтіп емдейтін дәрігер-практик.

Ал Дархан Сұқбаевтың өзі «дәрігер үшін әрбір баланың құлан таза жазылып, жүгіріп кеткенін көруден асқан бақыт жоқ»,-дейді.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Әбен Нарымбаев