Сарапшы: Қазақстан экономикасы жаңа қырынан өріс алады
С5+1 саммитінде тарқыланған тақырыптар мен маңызды мәселелердің басым бөлігі экономикаға арналды.
Өйткені АҚШ пен Орталық Азия мемлекеттерінің байланысының нығайтуға аталған сала сеп болады. Қазақстан АҚШ-пен ғана емес, ірі держава Үндістан, Ресей, Қытай сынды алпауыт мемлекеттермен де қарым-қатынасты тұрақты қалыптастырады - дейді Стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Ескендір Ақылбаев.
Ескендір Ақылбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы:
- Саммит аясында экономикалық тұрғыда атап өтетін ерекше жәйттер бар. Мәселен, энергетика, энергоресурс, мұнай және газ бағытында еліміздің экспорт әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа технологиялар трансфері мен Қазақстан, Өзбекстан сынды Орталық Азия елдерінде американдық компанияларды көшіруге мүмкіндік ашылады.