Балаларға Ұлттық қордан қаражат төленеді

Мәжіліс осы мәселеге қатысты заң жобасын палатының жалпы отырысында қабылдап, Сенатқа жолдады.

Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50%-і балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақ шоттарына аударылады. Бұл қаражатқа олар болашақта тұрғын үй жағдайын жақсартып немесе білім ала алады. Жинақ және төлем тетігі келер жылдың 1 қаңтарынан басталады. Әр баланың шотына жаңа туғаннан немесе Қазақстан азаматтығын алған кезден бастап аударылады. Қаражат Ұлттық қорда болады және оны Ұлттық Банк қаржы құралдарына инвестициялауды жалғастырады. Шоттағы қаражатты бала 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайдалана алады. Азаматтығын ауыстырған жағдайда бұл қаражат берілмейді.