Ақтөбе облысында 2,5 мың бейнекамера орнатылады
Ақтөбе облысында қоғамдық орындар мен көшелерге қосымша бейнекамералар орнатылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Құрылғылар заңсыздықтарға қатысты шұғыл әрекет етуге септігін тигізеді. Сонымен бірге жол бойында тәртіпті күшейтуге де баса мән беріліп отыр. Бұл үшін қауіпті учаскелер, қиылыстар мен көлік ағыны көп көшелерде 500-ден астам камера пайда болады. Себебі аймақта жол-көлік оқиғасы азаймай отыр. Тек биылдың өзінде 374 жағдай тіркеліп, 67 адам қайтыс болған.
Жалпы Ақтөбе қаласы мен 11 елді мекенге 2,5 мыңға жуық камера қойылады. Бұдан өзге, бұрыннан қолданыста бар бейнеқұрылғылар да бірыңғай жүйеге енгізіледі.
Еркін Өтеген, әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
- Бұл енді, өздеріңізге белгілі, арыз-шағымдар бар. Соларды полиция жасақтары қылмысты тез ашуға, болдырмауға бағытталған жақсы көрініс деп білеміз. Бұл енді, қарасаңыз мегаполистерде, басқа үлкен қалаларда талдауға сәйкес осындай камера орнатқаннан кейін жол-көлік оқиғасы және қылмыстың саны 30%-ке азайған. Бізге де бұл септігін тигізеді деп есептейміз.