Шымкентте коммуналдық кәсіпорын басшылығы күдікке ілінді
Шымкентте коммуналдық кәсіпорын басшылығы аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді.
Тауарлардың құнын жоғарылатып, жылу және электр желілерін жөндеуге бөлінген 1,1 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталған шенеуніктер сот санкциясымен қамауға алынды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Қала әкімдігінің бақылауындағы қосалқы мердігерлермен және лауазымды тұлғалармен бір топ адамдармен бірлесе отырып, жұмыс пен тауарлардың құнын жоғарылатып, жылу желілері мен электр желілерін ағымдағы жөндеуге бөлінген 1,1 млрд. теңге сомада бюджет қаражатын ұрлау жолымен қалалық коммуналдық кәсіпорнының басшылығы қылмыс жасады деп күдіктелуде. Шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан ақшаны пайдаланып, Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен құны 150 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған. Тергеу сотының санкциясымен барлық мүлікке тыйым салынды.