Қонаев қаласында екінші дүниежүзілік соғыс ардагері тұрады

Қонаев қаласында екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Оксана Бетебаева тұрады.

Кейуана 103 жасқа толды. Әскерилер ардагерді үйіне құттап барды. Жылдағы дәстүрге сай жылы тілек арнап, сыйлық табыстап, құрмет көрсетті. Оксана Бетебаева 1920 жылы Украинада туған. 21 жасында майданға алынып, Шуя қаласыендағы әскери госпитальде медбике болды. Майданда жарақат алған жауынгерлерді, бейбіт тұрғындарға көмек көрсетті. Соғыстан кейін қазақ азаматымен отбасын құрып, 1958 жылы Жаркентке көшіп келген. Кейін жұмыс бабымен Қапшағайға ауысады. Ардагер Оксана Бетебаева зейнет жасына шыққанша мектепте медициналық зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Нұрлыбек Бақытұлы, 32363 әскери бөлімнің бригада командирі: 

- Сол жасқа бәріміз жете берейік. Еліміз тыныш болсын. Жұртымыз аман болсын. Аспанымыз ашық бейбітшілік заман болсын. Осы ҰОС ардагерлері біздің жас буынға тәлім берсін.