Жамбыл облысында биыл 9 мың кәсіпкердің құқығы қорғалды

Бұл туралы арнайы сараптамалық кеңесте айтылды.

Прокурорлар бизнесмендердің қызметіне заңсыз араласқан мемлекеттік бақылаушы органдардың әрекетін жіпке тізді. Мысалы жеке сот орындаушылары олардың шоттарын негізсіз бұғаттаса, әкімдік қызметкерлері рұқсат құжаттарын беруде әкімшілік кедергілер жасаған. Осылайша заңсыздыққа жол берген 50-ге жуық адам жауапкершілікке тартылды. Жиын соңында инвесторлар мен жеке кәсіпкерлерді қолдау бойынша жоспар жасалды. Жоспардың орындалуы облыс әкімі мен прокурордың бақылауында болады. 

Ердос Мақашев, облыстық прокуратураның басқарма бастығы:

- 46 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Оның алтауы басшылық құрамнан. Кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласып тексеру жүргізгені үшін тағы да 3 тұлғаға әкімшілік жауаптылыққа 175-бап бойынша әкімшілік коддекстің жауаптылыққа тартылды. 200 мың теңгеден аса штраф салынды.