Сенат төрағасы халықты құттықтады
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақ халқын мерекемен құттықтады.
Республика күні – егемен елдігімізді даралайтын, ұлтымызды төрге, рухымызды өрге шығаратын айтулы мейрам. Бұл мереке елдіктің ғасырларға жалғасқан ұзақ әрі тағылымды жолын қадірлеуге үйретеді. Елімізге амандық, әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін, - деді.