Смайылов кеншілердің көңілін сұрады

Премьер-министр Әлихан Смайылов жарақат алған кеншілердің көңілін сұрады.

Қазір көп салалы ауруханада 20 жұмысшы ем қабылдап жатыр. Көбі газдан уланған. Дәрігерлер "олардың өміріне төнген қауіп жоқ, қазіргі жағдай тұрақты" дейді. Үкімет басшысы кеншілерге тез сауығып, отбасына аман-есен оралуды тіледі.