Елімізде биыл 85 мектеп ашылды
Елімізде биыл 85 жаңа мектеп ашылды.
Бұл оқу ордаларында 83 мың оқушы білім алып жатыр. Жылдың соңына дейін тағы 154 мектеп, оның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 62 мектеп пайдалануға берілмек. Нәтижесінде 113 елді мекеннің балалары жаңа білім ұясында оқиды. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы да іске асырылып жатыр. 2024 жылдың соңына дейін 217 мектеп пайдалануға беріледі. Ұлттық жоба бірінші кезекте қалалар мен келешегі бар елді мекендерде жаңа үлгідегі оқу ғимараттарын салуға мүмкіндік жасайды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде жалпы 740 мың оқушыға арналған 369 жайлы мектеп салу жоспарланған.