Елдегі бірқатар өңірде көлік қозғалысы шектелді

Солтүстік Қазақстан мен Қостанайға қыс жетті. Әредік қарлы боран соғып тұр.

Арқада Күн райының күрт нашарлауына байланысты Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар жолдардың 22 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Бұрқасын салдарын уақытылы жойып отыру үшін 164 бірлік арнайы техника мен 190 қызметкер жұмылдырылды. Жалпы Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды. Бірқатар өңірде ауа температурасы -10 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Мәселен, ел шығысында жел тұрып, көктайғақ болуы ықтимал. Ал Батыста қар аралас жаңбыр жауады, дейді синоптиктер.