Шымкентте жол төсеудің тың технологиясы енгізілді
Әдетте асфальт жабындысын төсеуден бұрын шағал тас, нығыз-далып төгілетін.
Енді құрылысшылар цемент қосылған арнайы ертіндіні пайдаланып, бірден асфальт төсеуге кірісті. "Беріктігі артып, әбден бетондалған жолға қанша ылғал түссе де, топырақ қабатына өтпейді", - дейді мамандар. Жаңа әдістегі жол жабындысын төсеу үшін қаланың ойлы-қырлы көшесі таңдалды. Биыл тың тәсіл тәжірибелік сынақтан сәтті өтсе, келер жылдан бастап жаппай енгізіледі. Осылайша, бюджет қаражатын екі есе үнемдеп, топырақ жолдың үлесін азайтуға болады деп отыр, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері.
Ролан Ибрагимов, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
- Осы эксперимент егер де бізде оң қорытынды болатын болса, келесі жылы топырақ жолдың бәрін осылай жасауды ниеттеніп отырмыз. Бұл технологияны Қазақстанда әлі ешкім қолданбаған. Яғни суық ресайгтің үстінен микросюрфейсинг төсеу. Біз тағы да бір көшеге шағал тас төсеп көрдік. Екеуін бір мезгілде істедік. Мынау технологиямыз қайда берік болып отыр.