Мектеп есепшісі 46 млн теңгеден астам қаржы ұрлаған
![Мектеп есепшісі 46 млн теңгеден астам қаржы ұрлаған](/media/k2/items/cache/1bf18f454b7b06685c8a3de004768cf0_XL.jpg?t=20231124_071237)
Алматыда мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы өзінің жеке шоттарына штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны заңсыз аударып келген.
Аталған факті бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.
Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады.
Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.