Астанада қызылша жұқтырған 6 баланың жағдайы ауыр
Астанада қызылша жұқтырған алты бала реанимацияда жатыр.
Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр дейді. Қалалық балалар ауруханасында қазір 500-ден астам бала ем алуда. Оның 200-ге жуығы қызылша жұқтырғандар. "Күніне осындай инфекция симптомдарымен 60-80 адам қаралуға келсе, соның 30-ы ауруы асқынғандықтан стационарлық емге жатқызылады" дейді мекеме басшылығы.
Роза Өтегенова, № 3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы директорының орынбасары:
- Аурулардың, науқастардың саны өсіңкіреп тұр. Бұл енді қызылша ғана емес, сезонды респераторлы жұқпаның да көбейіп, салқын тиіп ауырып соның арқасында көбейіп тұр. Жалпы жатқандардың 18 пайызы бір жасқа толмағандар. Олар вакцина жасына жетпегендер. Календарь бойынша алмағандар. 1 жас пен 7 жас аралығындағылар 70-75 пайыз, қалғаны 15 пайыздайы 7 жастан үлкендер.