Қазақстан мен Қытай арасындағы әріптестік

Қазақстан мен Қытай арасында мәдени орталықтарды құру туралы үкіметаралық келісім де орнады.

Елордада екі ел арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комитеттің 11-ші отырысы аяқталды. Нәтижесінде тараптар бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды. Тиімді уағдаластық премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянның қатысуымен жасалды. Сондай-ақ, шара барысында екі ел арасындағы сауда-саттықтың жайы, кедендік реттеу, энергетика, логистика сынды салалардағы мәселелер талқыланды. Енді мұндай деңгейдегі кездесу 2025 жылы Қытайда өтеді деп жоспарланған.