Қостанай облысында да қызылша ауруы асқынып тұр
Бір тәулікте жеті науқасқа дейін тіркеледі.
Әсіресе инфекция балабақша мен мектептерде көп тарап жатыр. Індет жұқтырғандардың дені он төрт жасқа дейінгі балалар. Жалпы жыл басынан бері аймақта 123 адамнан қызылша ауруы анықталды. Қазір өңірде жаппай иммундау шарасы қолға алынды. Осы күнге дейін 1 жастан 6 жасқа дейінгі он төрт мың бала екпе алған.
Гүлмира Мағзумова Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
- Бізде 9 мың доза вакцина бар. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Қазір 6 айдан 10 айға дейінгі балаларға қызылша мен қызамыққа қарсы екпе егіліп жатыр. Ал желтоқсан айында 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар қамтылады. 1 456 бала қосымша екпе алды.