СҚО-да қызылшаға қарсы 30 мың вакцина алынды
Солтүстік Қазақстан облысында қызылшаға қарсы қосымша 30 мың доза вакцина сатып алынды.
Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды. Медициналық препараттар желтоқсан айының ортасында келіп түсуі тиіс. Қазір өңірде 250 екпе бригадасы құрылған. Ал жүріп – тұруы қиын адамдарға медбикелер өздері барып қойып жатыр. Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлерінің айтуынша, аймақта жұқпалы ауру белгілері 75 адамнан анықталған. «Сондықтан вакцинаға бей – жай қарауға болмайды», - дейді мамандар. Әсіресе, ата – аналарға енжарлық танытпаған жөн. Мысалы, қараша айынан бері облыс бойынша үш жарым мың ғана бала екпе алған. Бұл 13 – ақ пайыз.
Әсет Жұматаев, облыстық Санитариялық–эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
- Оның ішінде 6 айдан 11 айға дейінгі балалар арасында 1103 бала екпе алды. 2 жастан 4 жасқа дейінгі жас арасында 2077 бала екпе алды. 86 медициналық қызметкер екпе алды.