Петропавлда көктайғақ салдарынан жарақат алғандар күрт көбейді
Мәселен шаhарда соңғы он күнде 430 азамат медициналық көмекке жүгінген.
Науқастардың дені егде жастағылар. Жарақат бөліміндегі мамандар жағдай қиын деп отыр. Тек өткен демалыс күндері мұндағы дәрігерлер 120-дан астам адамды қабылдаған. Жалпы өңірде жауын-шашынды, ауа-райы тұрақсыз. Салдарынан жаяу жүргіншілер жолыкөк мұзға айналған. Коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, жол бойына құм-тұз қоспасын шашып жатыр.
Екатерина Белоусова, қалалық көпбейінді аурухананың баспасөз хатшысы:
- Бір айда 720 адам көшеде құлап жарақат алды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Демалыс күндері көмекке жүгінген науқастардың 17-і ауруханаға жатқызылды. Оларға операция жасалды. Сондықтан дәрігерлер далада асықпай, айбай болу керектігін ескертеді.