Қызылорда-Ақтөбе жолы кеңейеді
Ақтөбе мен Қызылорда арасындағы жол төрт жолақты болады.
Оның жобасы келер жылы жасалады. Бұл жөнінде Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барған көлік министрі Марат Қарабаев айтты. Қазір Шалқар қаласы арқылы өтетін жол жобасы әзірленген. Сексеуілді бағытындағы жол жөнделуі тиіс. Бұл жұмыс «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық жобасы аясында іске асады.
Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:
- Келесі жолы техникалық, экономомикалық негіздеме аясында құрылысын бастаймыз деп жоспарлап отырмыз.скл Қыс бойы үлкен қарқынды жұмысты бастау үшін дайындық жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмын.