Ақтөбе облысындағы 47 ауылға сапалы мобильді интернет тартылады
![Ақтөбе облысындағы 47 ауылға сапалы мобильді интернет тартылады](/media/k2/items/cache/dca520bd6eaeeead5fcdeca016237f68_XL.jpg?t=20231211_042745)
Келер жылы Ақтөбе облысындағы 47 ауылға сапалы мобильді интернет тартылады.
Мұны аймақ басшысы айтты. Асхат Шахаровтың сөзінше, бұл мәселе әсіресе өзекті. Қазір өңірдегі 315 ауылдың 200-ден астамы интернетпен қамтамасыз етілген. 37 елді мекен мектептерінің оқушылары ғаламторға қосылу игілігін көріп отыр. Алдағы жылы оқушылар жылдамдығы жоғары желілерге қол жеткізеді.
Асхат Шахаров, Ақтөбе облысының әкімі:
- Алдағы жылы 47 ауылға мобильді интернет жүргізу жоспарда. Бұдан бөлек 15 ауыл мектебі интернетке спутник арқылы және 22-сі тұрақсыз радиореле желісі арқылы қосылған. Аталған мектептерде жылдамдығы енді төмен. Осыған орай аталған 37 мектепті келер жылы жылдамдығы жоғары желілерге қосу арқылы шешетін боламыз.