Аязда қалған Қырғызстан азаматтары құтқарылды
Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қатты аязда жолда қалған қырғызстандық екі азаматты құтқарды.
Олар Астана — Петропавловск тас жолы бойымен Ресейге бағыт алған. Алайда Чапаева елдімекені маңында көліктері бұзылып, жол ортада қалады. Абырой болғанда, оқиға орнына құтқарушылар жетіп, оларды жақын жердегі жылыту пунктіне жеткізеді. Ауыл әкімі қырғызстандық азаматтарды тамақтандырып, түнеуге жатын орын ұсынады.