Жолда қалған жолаушылар 1403 нөміріне хабарласа алады

Елде 25 мың шақырым жол қысы-жазы мамандар назарында болады.

Бұл халықаралық және республикалық маңыздағы тас жолдар. Оның 21 мың шақырымына ҚазАвтоЖол, 4 мыңына мердігер ұйымдар жауапты. Күре жолдағы қарды тазалауға ұзын ырғасы 1033 техника жұмылдырылады. Қажет болған жағдайда тағы 218-і жалға алынады. Көлік министрлігінің мәліметінше ел бойынша 121 жылыту пункті дайындалған. Ол жерде ыстық ас және демалыс бөлмелері мен көлікке арналған жылы тұрақтар бар. Егер жолда қалсаңыз 1403 нөміріне хабарласа аласыз. Call-орталық тәулік бойы жұмыс істейді.