Абай облысында 15 мектепке жаңа автобус берілді

Заманауи жабдықталған көлікте қауіпсіздік белдігі, сөмке қоятын сөре және бейнекамера бар.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көтергіш құрылғы да қарастырылған. Автобустарды сатып алуға 184 миллион теңге бөлінген. Өңірде 3 мыңға тарта оқушы автобуспен қатынайды.

Еркежан Отанбекова, Достық ауылының тұрғыны:

- Ескі автобус болатын бұрынғы. Аяз кезінде, батпақ кезінде келмей қалатын. Арғы жақ Талды ауылына жетпей қалатын. Бізді Достыққа дейін ғана келіп алып кететін. Қазір енді газель келгелі жақсы. Суық күндері де уақытымен, бірінші, екінші ауысым оқиды. Апарып, алып келеді, уақытымен жүреді.

Әсем Нүскенова, облыстық білім басқармасы  басшысының орынбасары:

- Автобуста әр баланың жеке қауіпсіздік белдемшелері бар. Төтенше жағдай болып қалса, автобус автоматты түрде өзі ашылып, есігі өзі бекітіліп, сондай баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған толық жағдай жасалған автобустар. 13 автобустың жетеуі газель форматында. 17 орындық. Қалған автобустар 22 орындық, ол біздің Семей қаласының маңындағы ауылды мектептерге арналған.