Ақтөбеде ₸ 90 млн-ды қалтасына басқан азамат сотталды
Ақтөбеде кәсіпкерге «Сыбаға» бағдарламасы бойынша бөлінген 90 млн теңгені қалтасына басқан азамат сотталды.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлап отыр. «Аграрлық несие корпорациясының» Ақтөбедегі филиалына кәсіпкер келіп, шетелден 277 бас асыл тұқымды мал сатып алу үшін несие сұрайды. Ал корпорация директорының орынбасары Ресейден мал сатып алу-жеткізу туралы серіктестікпен жалған шарт жасап, кәсіпкерге бөлінген 90 млн теңгені өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Шаруа есеп айырысу шотына 90 млн аударған. Алайда бұл қаражатты жазасын өтеуші жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Қылмыскер бұл әрекеті үшін ол 5 жыл бас бостандығынан айырылды.