Алматының автобус паркі жаңартылды
Биыл Алматының автобус паркі мыңнан астам экологиялық таза автобустарға жаңартылды.
Осыған байланысты алдағы уақытта қалада дизельмен жүретін қоғамдық көлікке тыйым салынуы мүмкін, - деді шаһар басшысы Ерболат Досаев. Әкімнің айтуынша, соңғы 11 жылда 100 троллейбус сатып алынған. Келер жылы тағы 100 данасын сатып алу жоспарланып отыр. Осылайша, троллейбус паркі 100%-ке жаңартылады. Ерболат Досаев қалада бей-берекет орналасқан сауда орындары туралы да айтты. Шаһар басшысы 2024 жылы заңды бұзғандарға айыппұл салынады деп отыр.
Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:
- Үлкен базарлардың қасында жиналатын адам көп. Стационарлық емес сауда орындарының тізімін дайындап қойдық. Бекіткеннен кейін сол жерлерде жұмыс істеуге болады. Жергілікті Полиция департаментінің адамдары қазір айыппұл сала алмайды. Бірақ келесі жылы өзгерістерден кейін қаланы тазартамыз деп ойлап отырмыз.