Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үздік қызметкерлерін анықтады
Жүзден жүйрік шығуға 78 адам өтініш білдірген.
Байқау 5 номинация бойынша өтті. Онда превенция, жедел-тергеу блогы және ұйымдастырушылық-әкімшілік бағыт бойынша ерекше көзге түскен офицерлер іріктелді. Олардың еңбек нәтижелері, спорттық дайындығы мен адамгершілік, іскерлік қасиеттері ескерілді. Жеңімпаздарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали марапаттады.