Егіннің жартысы жиналды

Сонымен қатар Қазақстанда егін жинау науқаны орта тұсқа таяды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, егіс алқаптарының жартысына жуығы өңделген. Қазір егістіктерде 31 мыңнан астам комбайн жұмыс істеп жатыр. «Егер ауа райы қолайлы болса, егін көлемі орташа жылдық деңгейден төмен болмайды деп болжанып отыр. Ал кей өңірлерде былтырғы көрсеткіштен асып түсуі мүмкін», - дейді министрліктегілер.

Азат Сұлтанов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Екі жыл бұрын бір айдан астам уақытқа созылған қатты жаңбыр болды. Мұның бәрі егіннің сапасына және сәйкесінше, егін жинау уақытына әсер етті. Биыл Қазгидрометтің ауа райы болжамы азды-көпті қолайлы. Әрине, жаңбырлы күндер де болады. Бірақ тұтастай алғанда біз бұл науқанды оңтайлы уақытта аяқтауды жоспарлап отырмыз. Егер ауа райы қолайлы болса, өнім орташа жылдық көлемнен аз болмайды. Яғни 20 млн тоннадан астам астық жинау жоспарланған. Азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты алаңдауға негіз жоқ. Оның ішінде жем-шөп, жемдік астық та бар.