Елдегі банктер байып жатыр

Өткен 7 айда екінші деңгейлі банктердің жиынтық таза табысы - 1,64 трлн теңгеге жеткен.

Бұл орасан зор табыс. Алайда оның басым бөлігі тек 5 ірі банктің қолында. Қалған 17 банк бар-жоғы 363,5 млрд теңге ғана табыс тапқан. Осылайша елдегі қаржы институттарының арасында тұрақтылықпен қатар, ішкі қарама-қайшылықтардың барын айқын аңғаруға болады.

2025 жылдың қаңтар-шілдеде

Екінші деңгейлі банктердің табысы:  ₸1,64 трлн

Halyk Bank – ₸573 млрд

Kaspi Bank – ₸319 млрд

BCC – ₸160 млрд

Alatau City Bank – ₸116 млрд

ForteBank – ₸109 млрд 

Қалған 17 банк бар-жоғы ₸363,5 млрд қана табыс тапқан.