Елде фонограммамен ән айтуға тыйым салынды

Ел алдында алдын-ала жазылған дауысты қойып,өтірік өнер көрсететін «жердегі жұлдыздар» үшін жағымсыз жаңалық.

Енді әншілерге фонаграммамен ән айтуға ресми түрде тыйым салынды. Көптен бері талқыға түскен талап «Мәдениет және білім беру мәселелері» туралы заңға енгізіліп, құжат бүгін мақұлданды. Ал қайта ескі әдетіне басып, әнішінің фонаграммамен ән шырқауына жол берген мәдени шараны ұйымдастырушылар 3,5 млн теңгеден астам айыппұл арқалайды.

Ринат Зайыт, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жаппай тыйым салу емес, тек 200 адамнан жоғары сыйымдылығы бар мәдени бұқаралық іс-шараларды қамтиды. Оның ішінде бейімделмеген, арнайы-құрал-жабдықтармен жабдықталмаған алаңдар болатын болса, ол жерде фонограммаға рұқсат етіледі. Басқа жерде ең бірінші көрерменнің, тұтынушының мүддесі. 25-50 мыңға билет алған көрермен «аузын жыбырлатқан әншіні тыңдау керек» деген қағида болмау керек. Барғаннан кейін әншінің концертке деген дайындығын, деңгейін көруге құқылы деп ойламын.