Прокурорлар 1700-ден астам инвесторға көмек көрсетті

Елде кейінгі екі жылдың өзінде инвестиция мәселелеріне қатысты мыңға жуық проблемалық кейс шешімін тапты.

Прокурорлар көмегімен 1700-ден астам жергілікті және шетелдік инвесторға көмек көрсетілді. Бұл қандай көмек дейсіз ғой? Жер-жерде дау-дамай туындап жататыны жасырын емес. Мәселен, прокуратураның араласумен ел аумағында 370 заңсыз тексеру анықталып, 438 әкімшілік іс тоқтатылған. Қазір «прокурорлық сүзгі» енгізілді, құзырлы орган келісімінсіз тексеру жүргізіп, санкция салуға жол берілмейді. Алайда заңсыздыққа жол берген 307 лауазымды тұлға жазаланып үлгірді. Бизнеске қатысты қылмыстық істер саны 10 есе азайды. Бүгінде прокурорлар жалпы сомасы 87 трлн теңге болатын 1 жарым мыңнан астам инвестжобаны сүйемелдеуде.

2023 жылдан бері: 

937 проблемалық кейс шешілді

1732 инвесторға көмек көрсетілді

«Прокурорлық сүзгі» енгізілді

370 заңсыз тексеру анықталды

438 әкімшілік іс тоқтатылды

307 лауазымды тұлға жазаланды

Бизнеске қатысты қылмыс 10 есе азайды