Қарағандыда жұмысшы жастар форумына шетелдік делегаттар қатысты

Қарағанды облысында зауыт, фабрикаларда және кеніштерде 130 мың адам еңбек етсе, соның 23 мыңы жастар.

Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, жетістікке жеткендер кеншілер шаһарындағы халықаралық форумда бас қосты. Іс-шараға Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, мен АҚШ-тан келген делегаттар қатысты. Форумның мақсаты – жұмысшы мамандықтарды насихаттау, мемлекеттік қолдаулар туралы кең ақпарат беру. Алқалы жиын соңында республикалық «Еңбек жолы» байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған бір топ жұмысшы ақшалай сыйақымен марапатталды.

Жұлдызай Байдүйсен, теміржолшы:

- Бастысы, еңбегім ақталып жатқанынан өте қуаныштымын. Кішкентай кезімізде айтатын әкеміз «темір жол - өмір жолы» деп. Ешқашан өлмейді, қорықпай жұмыс істеуге бара беріңдер деп. Сол әкеміздің арқасында осы жұмысқа келдік.