Қарағандыда жүк көліктері құрастырылады – Олжас Сапарбеков

Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне брифинг берген Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі хабарлады, деп хабарлайды 24KZ.

Олжас Сапарбековтың сөзінше, биыл елімізде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын іске қосылады. Қазір оның 125-і жүзеге асырылған. Қалған нысандар да аяқталуға жақын. Ірі деген жобалардың қатарында Қарағандыдағы қос бірдей кәсіпорын бар. Бірі жылытқыш материалдарды өндірсе, екіншісі жүк көліктерін шығарады.

Олжас Сапарбеков, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

- Алдағы күндері Қарағанды облысының Саран қаласында HOWO маркалы жүк көліктерін шығаратын жаңа өндіріс орнының ашылуы күтілуде. Жалпы, бұл жобалардың бірқатары еліміздің ішкі нарығындағы сұранысты өтеуге бағытталған. Сонымен қатар болашақта өнімдерін шетелге шығаруға мүмкіндік беретін жобалар да бар. Біз мұндай бастамаларды жан-жақты қолдауға дайынбыз. Басты мақсатымыз – биыл жоспарланған 200 жобаның барлығын белгіленген мерзімде толық іске қосу.

Вице-министрі Олжас Сапарбеков жаңа автокөліктердің бағасына қатысты да пікір білдірді. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, қазан айында сатылымда тұрған темір тұлпарлардың құны 14%-ға төмендепті. Өзімізде өндірілген көліктердің бағасында да өзгеріс бар. «Отандық автокөліктер 17%-ға арзандаған», - деді.

Сондай-ақ оқыңыз: