Ұлытау облысында 7 денсаулық сақтау нысаны бой көтерді
Ұлытау облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен 7 денсаулық сақтау нысаны бой көтерді. Атап айтқанда, Ақтүбек және Кеңгір ауылдарында жаңа екі дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді.
Ал Бетбұлақ, Пионер, Қорғасын, Айнабұлақ, Егінді ауылдарында бес медициналық пункт салынып жатыр. Ғимаратты жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше мән беріп отыр. Облыста азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар белсенді түрде жүзеге асып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен медициналық мекемелердің құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан 880 млн теңге бөлінді.