Қазақстанда ойын бизнесінің айналымы ₸183,5 млрд-қа жетті

Елде ойын бизнесі саласында жарты жыл ішінде 183,5 млрд теңгенің қызметі көрсетілген, деп хабарлайды 24kz.

Яғни, осынша сома бәс тігу, құмар ойын нарығында айналымда жүр. «Финпром» порталының сараптауы бойынша бұл қаржы көлемі былтырға қарағанда 23%-ке аз. Дегенмен, құмар ойын бизнесіндегі дүрбелең шақ 2022 жылы байқалыпты. Дүрбелең дейтініміз – ондағы қызмет көрсету көлемінің күрт артуы. Ал ол сұраныстың көптігін білдіреді емес пе?! Статистика осыдан үш жыл бұрын ойын бизнесі секторындағы өсім 8%-ке жуықтағанын көрсетті.  Бұл – 300 млрд теңге. Айта кетейік, Қазақстанда ойын бизнесін жекеменшік және шетелдік компаниялар ұйымдастырады. Шетелдіктердің үлесі 57%-тен асып тұр. Бұл да маңызды дерек.