Елордада «Асыл мұра» этнофестивалі өтті

Қазақ радиосы ұлттық дәстүрімізді ұлықтады.

Радио күні қарсаңында елордада «Асыл мұра» этнофестивалі ұйымдастырылды. Онда жеті қазынамыздың символы саналатын жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт дәріптеліп, қолөнер шеберлерінің ою-өрнекпен әсемделген бұйымдары насихатталды. Этнофестивальге келушілер ән мен жырға бөленіп, ұлттық тағамнан дәм татты. Қатысушылар арасында "үздік ұлттық киім", "үздік этнокартина" секілді номинациялары жарияланған. Ғасырдан аса тарихы бар қазақтың үнжариясы ел бойынша ең ауқымды радио саналады. 

Нұртас Солтанұлы, "Қазақ радиолары" ЖШС Бас директоры:

- Бірінші қазан елімізде радио қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылдан бері бұл мереке тойланып келеді. Қазақ радиосы Астана қаласының тұрғындарына арнайы мерекені ұйымдастырып отыр. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, мәдениетін, ән-жырын барлығын көрсетуге тырысып отырмыз. 

Бұлбұлқұс Әбдірахманова, қолөнер шебері:

- Қолөнершілердің тақия фестиваліне де қатыстым.