Астанада жылыту маусымы басталды

фото: gov.kz

Ауаның төмендеуіне байланысты елордада тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталды.

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұған дейін әлеуметтік нысандар – мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер өтінімдеріне сәйкес жылумен қамтамасыз етілген болатын.

Қаладағы барлық нысандарды қосу алдағы күндері кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.