Елімізде «Айбалта» оқу-жаттығу жиыны өтті
Елде «Айбалта» оқу-жаттығу жиыны өтті, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жолы Құрлық әскерлері барлау бөлімшелерінің қарым-қабілеті сыналды. Әскери қызметшілер ұрыс жағдайында қозғалмалы нысаналарға әртүрлі қашықтықтардан атыс жүргізуді пысықтады. Сала мамандарының айтуынша, мұндай жиындар атыс жүргізу және жауынгерлік даярлық дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.