«Реал» УЕФА-ға ресми хат жолдады
Алматыдағы орталық стадионның жасыл алаңы испаниялық клубтың көңілінен шықпады.
Реал Мадрид УЕФА-ға ресми хат жолдап, стадиондағы газонды қайта қырқуды сұраған. Қонақтардың өтінішінде алаңдағы шөптің биіктігі 25 миллиметрден аспауы тиіс делінген. Алайда УЕФА бұл өтінішті қабылдамады. Мұндай шағымға еш негіз жоқ болып шықты. Себебі ереже бойынша газонның биіктігі 30 миллиметрден аспаса, ол талапқа толық сәйкес келеді. Осылайша Қайраттың шешімі заңды деп танылды.