Бір палаталы Парламент: сарапшылар пікірі
Бір палаталы Парламент Қазақстан сияқты унитарлы мемлекетке тиімді. Еуразиялық интеграция институтының сарапшылар осындай пікірде. Институттың «Ашық саясат» сараптамалық клубы бүгін Астанада кезекті отырысын өткізді.
Қатысушылар «Қазақстанда бір палаталы парламент құру және партиялық жүйені дамыту әлеуетін» талқылады. Сарапшылардың айтуынша, бір палаталы Парламентке көшу заң шығару процесін жылдамдатып, партиялардың рөлін және депутаттардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін күшейтеді. Әрі билік тармақтары мен мемлекеттік институттар арасында әлеуетті өкілеттіктерді қайта бөлуге ықпал етеді. Бұл саяси реформалардың жаңа кезеңі болмақ. 2021 жылдан бері әкімдерді сайлау жүйесі өзгерді.
Арман Ешмұратов, Еуразиялық интеграция институтының департамент басшысы:
- Екі палаталық Парламенттер қай мемлекеттерде болады? Ол негізі федертивтік мемелкеттерде болады. Унитарлы мемелкеттерде бір палаталы жүйе. Сол себепті «Бізге Сенат керек пе, жоқ па?» деген сауалға сарапшы ретінде көзқарасым, бір жағынан бір палаталық керек сияқты. Екінші жағынан бізде дәстүр қалыптастып қалды. Көрдіңіз бе? Қоғам оны қалай шешеді екен? Әлі референдумға дейін көп уақыт бар ғой. Оны қоғам шешеді. Референдумда бір жақсы жері адамдарды әлеуметтендіреді.