«Бақты – Аягөз» теміржолының құрылысы басталды
Абай облысында еліміздің көлік саласы үшін стратегиялық маңызы зор Бақты – Аягөз теміржолының құрылысы басталды, деп хабарлайды 24kz.
Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалын жеңілдетіп, өткізу қабілетін арттырады. Жалпы құрылыс Аягөз, Мақаншы және Үржар аудандарын қамтиды. Жобада 12 станция салу жоспарланған. Қазірдің өзінде 150-ге жуық жергілікті тұрғын жұмысқа тартылды.Теміржол толық пайдалануға берілген кезде, 1200-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Теміржол құрылысы 2027 жылы аяқталмақ.
Арайлым Асаубаева, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы:
- Аталған ірі темір жол жобасын іске асыру мақсатында Абай облысының әкімдігі тиісті жер учаскелерін резервке алды. Жауапты ұйым ретінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы белгіленген. Мердігер ұйым ретінде China Harbour Engineering компаниясы айқындалды. Қазіргі таңда жоба бастау алды.