Қ.Тоқаев: Жасанды интеллект ел мүддесіне қызмет етуге тиіс
Жасанды интеллектіні кеңінен пайдалану орталық пен аймақ, қала мен ауыл арасындағы білім алшақтығын қысқартуға қолайлы жағдай жасайды, деп хабарлайды 24kz.
Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында осылай деп, білім алу мүмкіндіктерін кеңейтудің маңызына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл технологияны енгізу арқылы ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды жан-жақты қолдау үшін керек», - деді. Сондай-ақ оның қауіп-қатерлерін де қаперден шығармауды ескертті.
Қасым-жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Біз жаңа технологияларды жетік меңгерсек те, өз болмысымызды, яғни, төл мәдениетімізді, құндылықтарымызды сақтап қалуға тиіспіз. Заманауи үрдістердің пайдасы мен зиянын ажырата білуіміз қажет. Ұлт дүниетанымына жат нәрселердің білім жүйесіне енуіне жол бермеуіміз керек. Түптеп келгенде, жасанды интеллект ел мүддесіне қызмет етуге тиіс.