Қазақстанда пойыз қозғалысын енді жасанды интеллект басқарады

Енді елде пойыз қозғалысын жасанды интеллект басқарады, деп хабарлайды 24kz.

Цифрлық шешімдер Достық – Мойынты жобасында қолданылады. Бұл елде енгізіліп жатқан «ақылды темір жол» тұжырымдамасының бір бөлігі. Компьютерлік жүйе ең алдымен қозғалыс кестесін және жылдамдықты оңтайландыруға көмектеседі. Бұдан бөлек, датчиктер мен дрондар арқылы инфрақұрылымның жағдайын бақылап, көлік ағындарын талдап, «Қытай – Еуропа» дәлізінің жүктемесін болжауға жол ашады. Жасанды интеллект көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға, логистиканы және контейнерлік тасымалдарды автоматтандыруға мүмкіндік береді.