Оралда 400 орындық мектеп ашылды
Оралда Президент тапсырмасымен қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған жаңа мектеп қолданысқа берілді.
Ол 1952 жылғы ескі ғимараттың орнына салынды. Бұған дейін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан білім ордасының құрылысына 2,8 млрд теңге бөлген еді. Жаңа нысан 400 оқушыға арналған. Мекемеде балалардың білім алуына барлық жағдай жасалған.
Алима Саурова, Дарынды балаларға арналған №8 мамандандырылған мектеп-лицейінің директоры:
- Мемлекет басшысының саясаты арқасында сапалы білім беру жолында еліміздің өңірінде көптеген білім ордасы қолданысқа берілді. Соның бірі – облыстық дарынды балаларға арналған №8 мамандандырылған мектеп-лицейі. 2025 жылы заманауи талаптарға сай, көпқабатты 400 орындық ғимарат қолданысқа берілді. Бұл оқушыларымыз бен ата-аналарымыз және ұжым үшін үлкен қуаныш. Ел Президентіне ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
Анар Бурашева, Орал қаласының тұрғыны:
- Бүгін біздер үшін өте қуанышты күн. Мектебіміздің есігі айқара ашылды. Білім ордасы замануи талаптарға сай, барлық құрал жабдықтармен қамтылған. Осындай жағдай жасаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ата-аналардың атынан алғысымызды білдіреміз.