Шымкентте балалар травматологиясына жаңа технологиялар енгізіліп жатыр
Енді сүйектерді қалпына келтіретін күрделі операциялар науқастың өз сүйек тінін пайдалану арқылы жасалады.
Қазақстандық және белоруссиялық дәрігерлер мұндай хирургиялық емді алғаш рет облыстық балалар ауруханасында жүзеге асыра бастады. Әсіресе ауыр деформациясы бар және күрделі жарақат алған науқастарға ерекше көңіл бөлінеді. Халықаралық ынтымақтастық пен жаңа технологиялардың арқасында заманауи емдеу әдістері балаларға ерте жастан қолжетімді болды.
Юрий Лихачевский, травматолог:
- Жамбас буынында реконструктивті операциялар, полидактилия мен синдоктилия кезінде түзету остеотомиялары, жалған буындарға пластикалық оталар, сондай-ақ қатерсіз ісіктерге хирургиялық араласулар жасалып жатыр. Біз ауыр диагноз қойылған балалардың үлкен тобымен жұмыс істейміз және оларға барынша сапалы әрі білікті медициналық көмек көрсетуге тырысамыз.
Асхат Өсербаев, Жарақат-ортопедия бөлімінің меңгерушісі:
- Қазіргі таңда 13 балаға операция жасалды. Операцияның бәрі сәтті өтті. Емдерін алып жатыр және 7-8 балаға аптаның соңына дейін күрделі операция жасау жоспарымыз бар.