АҚШ Катар қауіпсіздігіне кепілдік берді

АҚШ Катарға жасалған кез келген қарулы шабуылды өз қауіпсіздігіне төнген қатер деп есептейді. 

Бұл туралы Ақ үй ресми сайтында мәлімдеді. Құжатта мұндай жағдайда Вашингтон дипломатиялық, экономикалық және әскери шараларды қабылдайды деп жазылған. Құрама Штаттардың Қорғаныс министрлігі мен барлау қызметтері Катармен бірлесіп, төтенше жағдайларға дайындық жүргізеді. Катар бұл шешімді құптап, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығайғанын атап өтті.