Мектептегі ас мәзіріне бақылау күшейтілді
Мектеп мәзірі мәз емес. Өткен оқу жылында 312 білім ордасының асханасына санитарлық тексеру жүргізілген.
Нәтижесінде 100-ден аса заңбұзушылық анықталып кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 31 млн теңгеден асады. Тамақтану кезінде 1500 баланың құқығы бұзылған. Мұндай деректерді орталық коммуникациялар қызметі алаңында оқу-ағарту министрлігінің өкілі хабарлады. 1 қыркүйектен бастап елде жаңа тамақтану стандарты бекітілген еді. Енді барлық білім беру ұйымдары атап айтқанда, балабақшалар мен мектептер, колледждер мен сауықтыру лагерьлері соған сай ас мәзірін ұсынуы тиіс. Бұған қоса биыл алғаш рет «Жеуге жарамсыздық индексі» ұғымы енгізілді.
Гүлшарат Қожатова, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басқармасының басшысы:
- Жеуге жарамсыздық ұғымын енгіздік. Бұл балалардың тамаққа деген қанағаттанды ма, жоқ па қажет. Екіншіден, мектептегі тамақтану жүйесінің тиімдігін анықтайды. 1 қыркүйектен бастап іске асып жатыр. Қазір 43 мектепте мониторинг жүргізетін болады. Бұл бала тамақ ішкен соң, ыдыста қалып қоятын тамақтың қалдығы.