Батыс бағытындағы жолдардың құрылысы жеделдейді

«Торғай - Ырғыз» және батыс бағытындағы басқа да автокөлік жолдарының құрылысы жеделдейді.

Бұл туралы Президенттің көмекшісі әрі Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. Ол Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тиісті тапсырма бергенін жазды.