Қызылорда облысында тауарлы балық шаруашылығы көбейді

Қызылорда облысында мың тонна балық жасанды тоғандарда өсіріліп, саудаға шығарылған. Бұл былтырғы көрсеткіш.

«Биыл 1500 тоннаға жеткіземіз» - дейді жауаптылар. Соңғы жылдары Аралдың тұздылығы артып, балықтың көбеюіне кері әсерін тигізді. Сондықтан арнайы тоғандар көбейтіліп жатыр. Былтыр 4 тоған ашылды. Тауарлы балық өсіретін ірілі-ұсақты кәсіпорын саны жүзден асады. Бассейнге жер асты суын жинап, бағалы бекіре өсіріп отырғандар да бар.

Мына шағын бассейіндерге жер асты суы құйылған. Қазір мұнда 9 мыңдай шабақ бар. Тоғанды оттегімен қамтып, су температурасын қалыпты ұстау маңызды. Балыққа дәрумен қосылған арнайы жем уақытылымен беріледі. Шабақтар күн санап салмақ қосуда.

Ғалымжан Нағиев, қала тұрғыны:

- Бұл – балықтың будандасқан түрі. Бекіренің бірнеше түрлері бар. Оның ішінде Ленский осетр мен Калуга деген түрі бар. Калуга екеуін будандастырып, шығарған түрі. Бір жылда көрші елдер 4 келіге дейін өсіріп жатыр. Бір жылда екі келіден асырамыз ба деген эксперементтеріміз бар.

Ғалымжан Нағиев бекіре шаруашылығын кеңейтуді көздеп отыр. Ол үшін 31 миллион теңге жеңілдетілген несие алуға ұсыныс беріп қойған. Бұл қаржыға – балық өсіру үшін пайдаланыланылған суды тазалап,  қайта кәдеге асыратын құрылғы сатып алмақ. Осылайша жер асты суын үнемдей отырып, жылына 25 тонна өнімді саудаға шығарады.

Қарапайым бассейнде өсірілген мына балықтың салмағы қазір төрт келіге жуықтаған. Ол үшін 16 ай бағылыпты. Жалпы бұл жерге жеткізілген 9 мыңға жуық шабақтың алғашқы салмағы бір граммға да жетпеген.

Өңірде тауарлы балық өсіруге бет бұрғандар қатары артты. Бұл – кәсіпті дамытуға мемлекеттік қолдау бар.

Ғалымжан Еркебай, облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

- Осы кезге дейін 9 млн теңге субсидия беріліп келген болса, 2026 жылдан бастап балықтың жеміне, құрылғысына,  250 млн-ға балық өсірушіге субсидия бектіліп жатыр. Өз деңгейінде бұл балық өсірудің көлемін ұлғайтатын болады.

Өңірде 201 көл бар. Оның 160-да балық өсіру шаруашылығы жолға қойылған. Мамандардың айтуынша, қалған су айдындарында да жұмыстар атқару жоспарланған.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин