Елде алдағы төрт жылда 2000 ауыл шаруашылығы кооперативін құрады

Төрт жылдың төңірегінде елде 2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады, деп хабарлайды 24kz.

Меже орындалса, шалғайдағы ағайынның шаруасы ширай түспек. Осыны ниет еткен түсіндірме тобы Павлодар облысының Равнополь ауылына арнайы ат басын бұрды. Онда тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Қазір мұнда 240-тан астам қожалық бар. Оның 80-і ауыл шаруашылығы кооперативіне біріккен. Кәсібін дөңгелетем дегендерге мемлекеттен 2,5%-тен жеңілдетілген несие беріледі.

Эльдар Жұмағазиев, «Amanat» партиясының хатшысы:

- «Менің ойымша, Равнополь ауылының жалпы мал, ет, сүт бағытындағы экономикасы жақсы. Ауыл халқын осы бағыттар бойынша экономикасын, табысын көтеруге болады. Сондықтан бүгін шешім қабылдадық. Бұл бағытта жұмыс жеткіліксіз. Осында біздің мамандарымызы келіп, екі аптаның ішінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, екі аптадан кейін халықпен тағы да кездесеміз. Сонымен қатар ауылдағы кооперативтің болашағы туралы әңгімені қайта қозғайтын боламыз.