Халық пікірі: Еңбекке жарамды азаматтар жәрдемақыға иек артпауы тиіс

Кез-келген көмек масылдыққа себеп болмауы керек. Әсіресе, еңбекке жарамды жас азаматтар жәрдемақыға қол жаймауы тиіс. Денсаулығы мықты, күш-қуаты бар азаматтар үшін бұл – ұят нәрсе. Мемлекет басшысы өз Жолдауында осылай деген.

Бұл тұста сауалнамаға қатысушылар әлеуметтік төлем саясатын жетілдіріп, қоғамдағы масылдықпен күресу бастамасын қолдайды.

- Масылдық, әрине, бар. Оқып та, көріп те жатырмыз. Әрине, онымен күресу керек. Ол үшін мемлекет бар.

- Үйде отырғаннан еңбек етіп жұмыс істеген жақсы ғой. Жұмыс істемесе, ата-анасынан ақша сұрайтындар да бар. Өз табысын тауып, жұмыс істеген жақсы.

- Еңбек етіп, күн көру керек. Үкіметке сүйеніп отырудың қажеті жоқ. Жұмыс болса, аяқ-қолың сау болса, жұмыс істеу керек.